«Алтай» мен «Астана» матчы 1:1 есебімен аяқталды

«Алтай» мен «Астана» матчы 1:1 есебімен аяқталды

Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында «Алтай» өз алаңында «Астанамен» тең ойын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудегі есепті екінші таймның басында астаналық клубтың шабуылшысы Рамазан Кәрімов ашты. Алайда 67-минутта Дмитрий Шмидт таразы басын теңестірді.

Ойынның соңына дейін екі команда да шабуылды үдеткенімен, есеп өзгеріссіз қалды. Матч 1:1 есебімен аяқталды.

Айта кетелік, аталмыш нәтижеден кейін «Астана» 19 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында қалды. Ал «Алтайдың» еншісінде 9 ұпай бар.

Маман «Елімайға» ескерту жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или