Қазақстандық футбол маманы «Қайсар» мен «Елімайға» ескерту жасады
Қазақстандық футбол маманы Булат Есмағамбетов «Елімай» келесі матчта ұпай жоғалтса, чемпиондық мүмкіндігін қиындатып алатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның пікірінше, «Қайсар» соңғы маусымнан бері тең ойындарға тым көп жол беріп келеді. Ол қызылордалық клубқа жеңіс үшін тәуекелге барып, батыл ойнау қажет екенін атап өтті.
Ал «Елімайға» қатысты Есмағамбетов бұл матчтың олар үшін маңызы өте жоғары екенін жеткізді. Оның айтуынша, семейлік команда жеңіске жете алмаса, чемпиондық жарыста артта қалуы мүмкін.
Айта кетелік, Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясындағы «Қайсар» – «Елімай» кездесуі ертең Қызылордада өтеді. Ойын 19:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или