Италия аңызы Марокконы да ерекше атап өтті
2006 жылғы әлем чемпионы Марко Матерацци 2026 жылғы мундиальдің басты фавориті туралы пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Италиялық маманның сөзінше, әлем чемпионатын жеңуге басты үміткер — Аргентина құрамасы.
Матерацци қазіргі әлем чемпионы әрдайым негізгі фаворит саналатынын айтып, мұны қарапайым әрі түсінікті таңдау деп атады.
Сонымен қатар ол турнирде тосын нәтиже көрсетуі мүмкін құраманы да атады.
Матераццидің пікірінше, Марокко құрамасы тағы да сенсация жасай алады. Ол африкалық команданың өткен әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жеткенін еске салды.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында өтеді.
Аргентина құрамасы J тобында Алжир, Австрия және Иорданиямен ойнайды.