Жас футболшы Виктор Удо 21 жасында өмірден өтті

Жас футболшы Виктор Удо 21 жасында өмірден өтті

Нигериялық жас футболшы Виктор Удо 21 жасында өмірден өтті. Оның денесі Абуджа қаласынан табылған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нигерия футбол федерациясы бұл қайғылы хабарды ресми түрде растады. Виктор Удо бұған дейін «Антверпен» және «Саутгемптон» жүйесінде өнер көрсеткен.

Мәлімет бойынша, футболшының өліміне улану себеп болуы мүмкін. Алайда нақты қорытынды әлі жарияланған жоқ, тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетелік, футболшы жақында ғана Чехиядағы маусымнан кейін еліне оралған еді. Нигерия футбол қауымдастығы оның қазасын үлкен қайғы деп бағалады.

«Реал» президентін сайлау күні белгілі болды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или