АҚШ-та нәсілдік кемсітушілікке қарсы берілген шағым ашық сотта қаралады
АҚШ Жоғарғы соты бұрынғы бапкер Брайан Флорестің NFL-ге қарсы берген шағымын ашық сотта қарау туралы шешімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
NFL ұйымы істі арбитраж арқылы жабық түрде қарауды сұраған болатын. Алайда сот бұл талапты қабылдамай, істі Нью-Йоркте ашық форматта жалғастыруға мүмкіндік берді.
Брайан Флорес 2022 жылы лиганы қара нәсілді бапкерлерге қатысты кемсітушілік жасады деп айыптап, сотқа жүгінген. Кейін оған тағы бірнеше бұрынғы бапкер қосылды.
Айта кетелік, қазір Флорес «Миннесота Вайкингс» клубында қорғаныс үйлестірушісі болып жұмыс істейді. NFL ұйымы сот шешімін құрметтейтінін және өз ұстанымын қорғауға дайын екенін мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или