Addio, Italia! Hola, Espana!

Сейсенбіде футзалдан биылғы Еуропа чемпионатының, шамасы, ең үлкен сенсациясы болды. Қазақстан құрамасы ширек финалда Кәрі құрлықтың қазіргі чемпиондары, азулы Италияны жарыс жолынан шығарып тастады. Ендігі кезекте – Испания құрамасы.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңінде алғашқы рет қатысып отырғандықтан, Какау шәкірттері фаворит қатарына жатпаған. Топтық кезеңде-ақ қазақстандықтар кез келген қарсыласқа өз ойынын көрсететінін анық білдірді, бірақ олардың ширек финалда италиялықтардан басым түсетініне сенгендер өте аз еді. Ал 2014 жылғы Еуропа чемпионы Италияның жартылай финалға шығуына ешкім кедергі келтіре алмайтындай көрінген. Топтық кезеңде Әзірбайжан мен Чехия қақпасына он доп соғып, өз иелігіне гол жібермеген «скуадра адзурраға» біріншілік дебютанты Қазақстан қиындық тудырады деп ешкім ойламаса керек. Әйтеуір, италиялықтар Какау шәкірттерінің қарқынына төтеп бере алмай қалды. Италия біздің футзалшыларды менсінбей шыққан еді, сондықтан Дінмұхамед Сүлейменов бастаған біздің жігіттер Еуропа чемпиондарын оңбай жазалады.

Бұл матчтағы ең маңызды сәттердің бірі – қазақстандық ойыншылардың жетекші рөлде болуы. Италия қақпасына гол соққан төрт футболшымыздың үшеуі – өзіміздің қазақ жігіттер. Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин және құрама капитаны Дінмұхамед Сүлейменов қазақтардың да доп тебе алатынын анық дәлелдеді.

Қазақстан құрамасының бұл чемпионаттағы тағы бір ерекшелігі – қарсыластың голына бірден жауап қату. Алғашқы ойында Ресейдің 12-минуттағы қос голынан соң біздің жігіттердің салы суға кетпей, 13-минутта есеп айырмасын бірден қысқартып тастаған. Кейін Хорватиямен кездескенде Матошевичтің 7-минутта соққан добына Сүлейменов 20 секундтан соң жауап қатқан еді. Италиямен ойнағанда да осы үрдіс жалғасты. 23-минутта Фортиноның голына 30 секундтан соң Есенаманов жауап берсе, артынша Канальдің голынан соң Нұрғожин жылдам доп салды. Демек, Қазақстан құрамасының ойыншылары физикалықпен қатар, психологиялық тұрғыда да өте жақсы дайындалған.

Енді алдағы қарсыласымызға келсек. Біздің жартылай финалда Италия секілді азуы алты қарыс Испания күтіп тұр. Пиреней түбегінің өкілдері футзал құрамалары арасында ең беделді болып саналады. Бүгінге дейін тоғыз рет Еуропа біріншлігі ұйымдастырылса, соның алтауында алтын жүлде алған – Испания. «Қызыл фурия» топтық кезеңде Венгрияны 5:2, Украинаны 4:1 есебімен тас-талқан еткен. Ал ширек финалда Португалиядан 6:2 есебімен айласын асырды. Хосе Венансио Лопес шәкірттері Еуропа чемпионы атағын өздеріне қайтарып алмақ ниетте.

Испания құрамасының бүгінге дейінгі халықаралық жетістіктеріне көз жүгіртсеңіз, кез келген қарсыласты қорқытаныны анық. Енді Какау шәкірттеріне тағы бір сенсация жасау қажет. Бір өкініштісі, маңызды сәтте командаға қақпашы Игита көмектесе алмайды. Ендеше Қазақстанның 4х4 жүйесімен Игитасыз да ойнай алатынын дәлелдейтін кез келді.

Қысқа ақпарат:

Футзалдан Испания құрамасы

Әлем чемпионы: 2000, 2004 жылдар

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1996, 2008, 2012

Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1992

Еуропа чемпионы: 1996, 2001, 2005, 2007, 2010, 2012

Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1999

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2003, 2014

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или