Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер күресінде 55 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Өмірбек чемпион атанып, Қазақстан құрамасына үшінші алтын жүлдені сыйлады.

Күміс медальдарды Алина Ертостық (76 кг) пен Ерасыл Жеңіс (87 кг) иеленді. Ал Лаура Ганикызы, Виктория Хусаинова және Диас Нұраков қола жүлдегер атанды.

Айта кетелік, бұған дейін грек-рим күресінде Айбек Айтбеков пен Ислам Евлоев алтын медаль жеңіп алған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или