Қазақстандық балуандар күрестен барлық алқа түрін алды
Қазақстан құрамасы Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде грек-рим күресінен екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық балуандар жалпы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері – Айбек Айтбеков (60 кг дейін) және Ислам Евлоев (97 кг дейін). Күміс жүлде Ибрахим Нұрмұхаммед (72 кг дейін), Алихан Дурсунов (77 кг дейін) және Джохар Узаровқа (130 кг дейін) бұйырды. Ал Кирилл Минько (82 кг дейін) қола медаль жеңіп алды.
Айта кетелік, жарыс Дананг қаласында өтіп жатыр және жарыс бағдарламасы 1 маусымға дейін жалғасады.
Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында күрестен екі алтын жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или