Лев Скворцов: Қазақстанда ақша жағынан жақсырақ ұсыныстар болды
Түркиялық «Серикспор» сапында доп тебетін қазақстандық қорғаушы Лев Скворцов болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Түркияда футбол маусымы енді аяқталып жатыр. Барлығы демалысқа кетіп жатыр. Мен ол жақта жақсы ойнадым. Соңғы екі ойында гол соқтым, ассист жасадым. Ұсыныстар бар, ары қарай не боларын көре жатармыз.
Қазақстанға қайта ораламын ба? Білмеймін, барлығы ұсынысқа байланысты. Бірақ мен үшін ақшаның ешқандай маңызы жоқ. Ақша керек болса, «Серикспорға» бармас едім. Қазақстанда ақша жағынан жақсырақ ұсыныстар болды. Әйелім де «Түркияға барып көр, көптен бері осыны қалап жүр едің ғой» деді. Бардым, футбол деңгейін байқадым. Бұл таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын», – деді Скворцов Эльдар Аманбаевқа берген сұхбатында.
26 жастағы қаптал қорғаушысы осы жылдың басында Түркияның бірінші лигасындағы «Серикспор» клубына ауысты. Содан бері 16 матчқа қатысып, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.
Скворцовтың түркиялық клуюпен келісімшарты маусым айында аяқталады.
«Ақтөбе» футболшылары атышулы сектордың сынына қалды (видео)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или