«Ақтөбе» футболшылары сынның астында қалды
«Ақтөбе» футболшылары «Қызылжар» командасымен 0:0 есебімен тең ойнағаннан кейін жанкүйерлердің шағымдарын тыңдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Instagram пайдаланушысы Alima Bay «Ақтөбе» ойыншыларының матчтан кейін жанкүйерлермен кездесуінің видеосын жариялады. Видеода бір жанкүйердің дауыс зорайтқышты пайдаланып ойыншыларға шағымын білдіріп, олардың ар-намысы мен абыройын талап еткен сәті түсірілген.
«Ар-намыс қайда? Қашан ойнайсыңдар? Бұл ең нашар команда - олар Бірінші лигаға түсіп кете жаздады. Ақша бермей жатыр ма? Не болып жатыр? Ар-намыс қайда? Намыс! Не болып жатыр? Қашан ойнайсыңдар?» - деді 13-ші сектордың өкілі бейнежазбада.
Төмендегі бейнежазбада боқтық сөздер де бар.
Ақтөбелік ойыншылар барлық шағымдарды үнсіз сабырлылықпен тыңдап тұрды. Кейін фйыншылар жанкүйерлердің қатты ысқырығымен киім ауыстыратын бөлмеге бет алды.
Қазір «Ақтөбе» командасы 15 ұпаймен 7-ші орында тұр.
ҚПЛ-дың 11-тур матчтарына жиналған көрермен саны жарияланды