1XBET - ставки на спорт

«Қайсардың» негізгі қорғаушысы жарақат алды

«Қайсардың» негізгі қорғаушысы жарақат алды

«Қайсардың» ресейлік қорғаушысы Амир Мохаммад тобық жарақатына байланысты біраз уақытқа қатардан шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Анжи» (Махачкала) клубының бұрынғы ойыншысы Қазақстан кубогының 1/4 финалындағы «Тобылға» қарсы кездесуде (1:1, пенальтиден 5:3) жарақат алған. Ойынның 93-минутында ол Наурызбек Жагоровтың айып алаңына асырған пасын тоқтатамын деп жерге дұрыс түспей, тобығын зақымдап алыпты.

Легионер екі аптаға дейін алаңға шыға алмауы мүмкін. Сонымен қатар, команда ойыншыларының шаршағаны да байқалады: «Қасқырлар» 25 сәуірден бері жеті матч өткізіп, бірде-бір рет төрт күннен артық демалмаған.

Амир Мохаммад «Қайсар» сапына биыл ақпанда қосылды. Бұған дейін ол «Химки» мен «Балтика» клубтарында ойнап, Ресейдің бірінші лигасында екі мәрте чемпион атанған.


Пеп Гвардиола «Манчестер Ситиден» кетеді

«Манчестер Сити» Англия кубогын жеңіп алды

«Камп Ноу» стадионы Левандовскиймен қоштасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или