Пеп Гвардиола «Манчестер Ситиден» кететін болды
Белгілі бапкер Хосеп Гвардиола осы маусым соңында «Манчестер Ситимен» қош айтысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
55 жастағы испаниялық маман «қалалықтарды» 2016 жылдан бері тізгіндеп, 20 трофейге қол жеткізді.
Ағылшындық клуб осы маусымда өз алаңында өтетін «Астон Виллаға» қарсы соңғы матчта бапкерге жақсылап құрмет көрсетіп, жоғары деңгейде шығарып салмақ. Сондай-ақ «Этихадтағы» бір трибунаға Гвардиоланың атын беруді де жоспарлап отырған көрінеді.
Пептің орнына басты үміткер – Энцо Мареска. Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келіпті. Енді жақында үш жылға жарамды келісімшартқа қол қояды.
«Манчестер Сити» Англия кубогын жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или