Какау: «Қазақстан барша әлемге қалай ойнай алатынын көрсетті»

Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері Какау Еуропа чемпионаты аясында Италияға қарсы өткен матч жайлы өз пікірін айтты.

— Бүгін Қазақстан құрамасы барша әлемге қалай ойнай алатынын көрсетті. Біз жеңіске лайық болдық. Италия - Еуропа чемпионы. Олардың құрамасы - өте мықты, командада тәжірибелі, жақсы ойыншылар ойнайды. Чемпионаттары да біздікінен қарағанда мықтырақ. Соған қарамастан, біз бар күшімізді салып, тарихи жеңіске қол жеткіздік. Менің командам жеңілуден қорықпайды. Әр ойында біз тек жеңісті мақсат етеміз. Енді Испаниямен күш сынасамыз. Өкініштісі, бұл ойынға Игита қатыспайды. Испания - әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі. Бірақ Игитасыз да біз 5х4 тактикасын қолданамыз, - деді Какау prosportkz.kz сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или