PGL Astana 2026 финалында Team Falcons жеңілді
17 мамыр күні Астанада Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 турнирінің гранд-финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шешуші матчта ресейлік Team Spirit пен Team Falcons кездесті. Dust2 картасында «айдаһарлар» қарсыласын 16:12 есебімен ұтты. Кейін Mirage картасында Team Spirit басымдығын күшейтіп, 13:7 есебімен жеңіске жетті.
Ancient картасында да Team Spirit мықтырақ болып шықты — 13:10. Осылайша команда финалдық серияны 3:0 есебімен аяқтады.
Финалдың үздік ойыншысы Данил donk Крышковец атанды. Ол үш картада 62 килл жасап, 46 рет қаза тапты. Оның рейтингі 1,52 болды.
Жеңіс үшін Team Spirit 512 мың доллар сыйақы алды.
Айта кетейік, қазақстандық Абдурахим mo0N Иса өнер көрсететін magic командасы үшінші орын үшін матчта MOUZ ұжымына жол берді.