Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігінің жартылай финалына шықты

Сербияда өтіп жатқан Еуропа біріншілігінің ширек финалында Қазақстан құрамасы кәріқұрлықтың үздік ұжымын 5:2 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасының құрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққаны мамандар үшін сенсация болғаны анық. Бірақ Қазақстандық футболшылар турнир барысында Белградқа босқа келмегенін дәлелдеуде. Атап айтсақ, турнир фавориттерінің бірі Ресей құрамасы біздің ойыншылардан жеңілмей кеткенін олжаға балауда. Ал Дінмұхамед Сүлейменов пен оның әріптестері Хорватия құрамасын оңай ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Италия құрамасы екі жыл бұрын кәрі құрлықтың үздігі атанған. Алайда ойын барысын толықтай Қазақстан құрамасы өз қолында ұстады. Алғашқы минуттардан Игитаны шабуылға араластырып, қарсыластарын тығырыққа тірей түсті. Италия құрамасы мұндайды күтпесе керек. Тіпті, алғашқы таймда Еуропа чемпиондары біздің қақпамызға бірде-бір соққы жасай алмады. Керісінше, Қазақстан футзалшылары шабуыл үдетіп, қақпа кілтін табуға тырысты. 16-шы минутта Лео әріптесінің пасын голға айналдырып, таблодағы есепті ашты. 1:0! Арада 5 минут өтпей жатып, Серік Жаманқұлов есепті еселей түсті. Осылайша алғашқы тайм, көрермендердің таңданысына орай, біздің пайдамызға шешілді.

Екінші таймға Италия құрамасы сәл өзгеше келді. Екі голдың әбестік екендігінін дәлелдеу үшін Игитаның қақпасына лап қойды. 23-ші минутта итальяндық ойыншы Фортино Шыңғыс Есенамановтың қателігінен кейін есеп айырмасын бір голға дейін қысқарта алды. Алайда бұл ұзаққа созыла қойған жоқ. Қарымта шабуылда Шыңғыс шиіре соққы жасап, құрамамыздың үшінші голын соқты. Арада 15 минут өтіп барып Италия құрамасының футзалшысы Мауро Каналь командаласынан тамаша пас алып, қақпамыздың бос бұрышына допты тура бағыттады. Кездесудің аяқталуына үш минут қалғанда Қазақстан футзалшылары төртінші голын соқты. Дінмұхамед Сүлейменов сол қапталдан соққы бағыттаған, бағанадан кері қайтқан допқа алғаш болып үлгерген Дәурен Нұрғожин бос қақпаны дәл көздеді. Ал соңғы минуттарда Еуропа чемпиондары алаңға қақпашының орнына бесінші алаңдағы ойыншыны қосып, матч тағдырын өзгертпекке тырысты. Алайда Лео соңғы секундтарда алыстан иесіз қалған қақпаны дәл көздеп, жеңісті нүктені қойды.

Италия - Қазақстан 2:5 (0:2)

Голдар: Лео 16,39 Жаманқұлов 19, Фортино 22, Есенаманов 23, Каналь 36, Нұрғожин 37

Италия: Маммарелла, Эрколесси, Лима, Мерлим, Фортино – Миарелли, Романо, Леджьеро, Джассон, Де Лука, Мурило, Онорио, Каналь, Патиас

Қазақстан: Игита, Довгань, Лео, Дуглас, Есенаманов – Шамро, Жаманқұлов, Першин, Сүлейменов, Гребонос, Кнауб, Пенгрин, Таку, Нұрғожин.

Ескертулер: Мурило 19, Игита 32

Төрешілер: Камил Четин (Түркия), Седрик Пелиссье (Франция)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или