Бокстан ұлттық құрама бапкері көшбасшылық туралы пікір білдірді
Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов қазіргі таңда әр салмақтағы бірінші нөмірлер туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның айтуынша, бокста жағдай тез өзгеретіндіктен, спортшыларды алдын ала нақты бөліп көрсету қиын.
«Бокста бәрі тез өзгеріп отырады, сондықтан босаңсуға болмайды. Салмақтар бойынша алдын ала ештеңе айта алмаймын, сол кезеңдегі спортшының жағдайына қарай шешім қабылдаймыз», — деді бапкер.
Айта кетейік, Қазақстан Бразилияда өткен World Boxing ұйымының бокстан әлем кубогының бірінші кезеңінде медальдық есепте үшінші орын алған. Алтын медаль иегерлері қатарында Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг), Виктория Графеева (60 кг) және Валерия Аксенова (80+ кг) бар.
Ташкентте бокстан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде
World Boxing құрамына қабылданған елдердің саны 175-ке жетті
Головкин басқаратын World Boxing құрамына жеті жаңа федерация қосылды