Қазақстандық боксшы WBC рейтингінен шығып қалды
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан өкілдері арасында орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов рейтингте бірінші орнын сақтап қалды. Бұл салмақта әлем чемпионы — доминиканалық Карлос Адамес. Екінші орында кубалық Йоэнлис Эрнандес, ал үздік үштікті француз Билал Джкиту түйіндеген.
Ал бұрын жартылай орта салмақта 37-орында тұрған Данияр Елеусінов рейтингтен шығарылды.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Бекман Сойлыбаев 34-орыннан 38-орынға төмендеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или