Қазақстандық теннисші Париждегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Париждегі турнирді сәтті бастады

Қазақстанның екінші, әлемнің 77-ракеткасы Юлия Путинцева Париж (Франция) WTA 125 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 50-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, америкалық Маккартни Кесслермен өткізді.

Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда Путинцева жеңіске жеткен еді.Бұл жолы Юлия қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 6:1, 6:1.

Бір сағат 8 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Кесслер 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді. 

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 362-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен таласады. 

Парижде Ролан Гаррос турнирі қарсаңында 11-17 мамыр аралығында өтіп жатқан аталмыш доданың жүлде қоры 115 мың АҚШ долларына бағаланған. 

Рыбакинаның 1/8 финалдағы матчының тікелей трансляциясы

Елена Рыбакина Римдегі турнирдің 1/8 финалына шықты

Бублик әлемдік рейтингте алғашқы ондықтан алыстады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или