Анна Данилина Рим турнирінің 1/8 финалына жолдама алды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 8-ракеткасы Анна Данилина Рим (Италия) WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге алғашқы айналымда қытайлықтар Синью Янь – Сюй Ифаньмен тартысты матч өткізді.
Бірінші партияда Данилина – Мухаммад 6:4 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте қытайлық дуэт есе қайырды – 6:1.
Супер тай-брейкте қытайлықтар 9:6 есебімен алға шыққанымен, төрт матчболды пайдалана алмады. Анна мен Эйжа ақыры жеңісті жұлып алды – 13:11.
Сағат жарымға созылған бәсекеде Данилина – Мухаммад 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қытайлық жұп 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.Анна Данилина – Эйжа Мухаммад ширек финалға шығу үшін ресейлік Ирина Хромачева – мексикалық Джулиана Олмоспен таласады.
Рыбакинаның 1/8 финалдағы матчының тікелей трансляциясы