«Барыстың» лидер болған хоккейші «Торпедоға» барады

«Барыстың» лидер болған хоккейші «Торпедоға» барады

33 жастағы америкалық орталық шабуылшы Майкл Веккьоне Минскінің «Динамо» клубына ауыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейші мансабын Нижний Новгородтың «Торпедо» клубында жалғастырады. Бұл ақпаратты журналист Артур Хайруллин өзінің Telegram арнасында жариялады.

Бұған дейін шабуылшыға «Динамоның» қызығушылық танытып отырғаны туралы мәлімет тараған болатын. Майкл Веккьоне 2025/26 жылғы маусымды «Барыс» сапында өткізді.

Өткен маусымда америкалық хоккейші 65 матчқа қатысып, 19 гол мен 27 нәтижелі пас беріп, жалпы 46 ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или