Әлем чемпионаты-2026: Канада құрамасы турнирге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады
Канада хоккей клубының баспасөз қызметі 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ерлер құрамасының тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
2026 жылғы әлем чемпионаты 15-31 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих және Фрибург қаласында өтеді.
Қақпашылар: Кэм Тэлбот («Детройт»), Джет Гривс («Коламбус»), Джек Иванкович (университет Мичигана).
Қорғаушылар: Дилан Демело («Виннипег»), Дэнтон Матейчук («Коламбус»), Сэм Дикинсон («Сан‑Хосе»), Эван Бушар («Эдмонтон»), Дарнелл Нерс («Эдмонтон»), Зак Уайтклауд («Калгари»), Паркер Уотерспун («Питтсбург»), Морган Райлли («Торонто»).
Шабуылшылар: Мэтью Барзэл («Айлендерс»), Коннор Браун («Нью‑Джерси»), Роберт Томас («Сент‑Луис»), Дилан Козенс («Оттава»), Габриэль Виларди («Виннипег»), Марк Шайфли («Виннипег»), Эммитт Финни («Детройт»), Макклин Селебрини («Сан‑Хосе»), Дилан Холлоуэй («Сент‑Луис»), Райан О′Райлли («Нэшвилл»), Джон Таварес («Торонто»), Фрэйзер Минтен («Бостон»).
Бұған дейін «Вашингтон» бас бапкері Спенсер Карбери Канада құрамасының жаттықтырушылар штабына кіргені белгілі болған. Ал құраманың бас бапкері — Миша Донсков.
Айта кетейік, қазіргі әлем чемпионы — АҚШ құрамасы. Канада бұған дейін 2023 жылы алтын медаль жеңіп алған болатын.