Жеңіліп көрмеген Джокович жеңіліс тапты

Жеңіліп көрмеген Джокович жеңіліс тапты

Италия астанасы Римде өтіп жатқан ATP Masters турнирі алғашқы күндердің өзінде ірі сенсациямен есте қалды. Новак Джокович жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/32 финалдағы кездесуде сербиялық теннисші алғашқы сетте сенімді жеңіске жеткенімен, кейін ойын тізгінін уысынан шығарып алды. Жас хорват теннисшісі Дино Прижмич камбэк жасап, матч тағдырын өз пайдасына шешті.

Айта кетелік, қорытынды есеп – 2:6, 6:2, 6:4. Осылайша турнирдің үшінші ракеткасы саналатын Джокович Римдегі жарыспен ерте қоштасты.

Ең танымал қазақстандыққа ММА-да мықты қарсылас табылды





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или