Уэльс тарихындағы үздік бомбардир мансабын аяқтайды
Регбиден Уэльс құрамасының қорғаушысы Ли Хафпенни осы маусымның соңында мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
37 жастағы регбиші ұлттық құрама сапында 101 матч өткізіп, 801 ұпай жинаған. Ол Уэльс құрамасы тарихындағы ең көп ұпай еншілеген ойыншылар тізімінде үшінші орында тұр, оның алдында Нил Дженкинс пен Стивен Джонс қана бар.
Спортшы клубтық деңгейде «Кардифф Регби», РК «Тулон», «Скарлетс», «Крусейдерс» және «Харлекуинс» командаларында өнер көрсетіп, Еуропа кубогы мен Challenge кубогын жеңіп алған.
Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или