Асқаров «Қайратқа» қарсы ойынға қатыса алмайды

Асқаров «Қайратқа» қарсы ойынға қатыса алмайды

Қызылорданың «Қайсар» клубы КПЛ аясында «Қайратқа» қарсы маңызды кездесуде негізгі қорғаушысының көмегіне жүгіне алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команданың негізгі ойыншыларының бірі, Қазақстан жастар құрамасының капитаны Сұлтан Аскаров бұл матчтан тыс қалады. Бұған оның жалға алу келісімшартындағы талаптары себеп болып отыр. Қорғаушы «Қайрат» клубына тиесілі болғандықтан, өз командасына қарсы ойнауға құқы жоқ.

Бұған дейін Қазақстан кубогында бұл шектеуге ерекше жағдай жасалған еді. «Қайрат» тарапы «Қайсар» клубының 20-турдағы матчты кейінге шегеруіне келісім берген соң, Асқаровқа алаңға шығуға рұқсат берілген. Сол кездесуде ол толық 90 минут ойнап, командасына ширек финалға шығуға көмектесті.

Айта кетелік, «Қайсар» мен «Қайрат» арасындағы матч 6 мамыр күні өтеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 19:00-ге жоспарланған.

Симеоне бұрынғы әріптесімен жанжалдасып қалды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или