Сака голы лондондық клубқа шешуші жеңіс әкелді

Сака голы лондондық клубқа шешуші жеңіс әкелді

Лондондық «Арсенал» Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта матчта мадридтік «Атлетиконы» жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудегі жалғыз голды бірінші таймның соңына қарай Букайо Сака соқты. Ол 44-минутта мергендігімен көзге түсті.

Матч 1:0 есебімен аяқталды. Екі ойын қорытындысы бойынша «Арсенал» 2:1 есебімен басым түсіп, турнирдің алғашқы финалисі атанды.

Екінші финалист ПСЖ бен «Бавария» арасындағы текетіресте анықталады. Алғашқы матчта париждік клуб 5:4 есебімен жеңген. Қарымта ойын 6 мамыр күні өтеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или