«Атлетико» бапкері матч соңында эмоцияға ерік берді
Мадридтің «Атлетико» клубының бас бапкері Диего Симеоне бұрын команданың спорт директоры болған Андреа Бертамен жанжалға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оқиға Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында қосымша уақыт кезінде болған. Кездесудің 95-минутында қазір «Арсеналда» қызмет атқаратын Берта алаң жиегіне келіп, төрешіден матчты аяқтауды ишарамен сұраған.
Бұл әрекет Диего Симеонеге ұнамай қалған. Аргентиналық маман Бертаға жақындап барып, оны итеріп жіберген.
Marca мәліметінше, екеуінің «Атлетикода» бірге жұмыс істеген кезде арақатынасы жақсы болған. Жанжал кейін екі клуб өкілдерінің араласуымен тез тоқтатылған.
Екі матчтың қорытындысы бойынша «Арсенал» Чемпиондар лигасының финалына шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или