Фанаттар франциялық жұлдыздың кетуін талап етуде
Интернетте «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппеге қарсы петиция таралып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәліметке сәйкес, «Mbappe Out» атты бастамаға қазірдің өзінде 1 миллионнан астам адам қол қойған.
Жанкүйерлердің наразылығына футболшының жарақатына байланысты қысқа демалыс кезінде Италияға барып қайтуы себеп болған. Мбаппе Сардинияда актриса Эстер Экспоситомен бірге жүрген жерінен байқалған.
Осы уақытта «Реал» Ла Лигада «Барселонамен» чемпиондық үшін күрес жүргізіп, Чемпиондар лигасынан шығып қалған еді.
Сондай-ақ БАҚ-та Мбаппенің тәртіп мәселелері туралы ақпарат тарады. Ол бірнеше рет командалық іс-шараларға кешігіп келгені және жаттығу кезінде клуб қызметкерлеріне құрметсіздік танытқаны айтылуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или