Қазақстандық теннисші титулға бір қадам жетпеді

Қазақстандық теннисші титулға бір қадам жетпеді


Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжібаева Қытайдың Луань қаласында өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында финалға дейін жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы спортшы ресейлік Мария Калякинамен бірге өнер көрсетті. Олар турнир барысында үш қытайлық жұпты жарыстан шығарды.

Финалда Кенжібаева мен оның серіктесі Чэнь Ижу мен Ма Жосиге қарсы ойнап, тартысты матчта жеңіліп қалды. Кездесу 7:5, 4:6, 11:9 есебімен қытайлықтардың пайдасына аяқталды.

Турнирдің жүлде қоры 15 мың долларды құрады. Айта кетейік, жекелей сында Кенжібаева бірінші айналымда жарыстан шығып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или