Сандуғаш Кенжибаева Қытайдағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжибаева Қытайдың Луань қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік Мария Калякинамен бірге Кенжибаева жартылай финалда қытайлық теннисшілер Линью Гэ мен Сяо Танды 6-4, 7-6 есебімен жеңді. Финалда қазақстандық және ресейлік жұп титул үшін тағы бір қытайлық теннисшілер Чен Ижу мен Ма Жосимен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или