Шешуші сәт. Қазақстан-Италия матчына превью

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы жорығын ары қарай жалғастырмақ. Ертең Какауоның ұжымы азулы Еуропа чемпионы Италия құрамасымен күш сынасады. Осы тұрғыда Prosportkz.kz тілшісі сіздерді әлемнің ең үздік командалардың бірімен таныстырып өтпек.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдерінен ары өте алмаған Қазақстан құрамасы биыл Еуропа чемпионатында керемет нәтиже көрсетуде. Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Ресейден минималды есеппен жеңілген Ұлттық құрамамыз кейін Хорватияны 4:2 есебімен ұтып, тұңғыш рет Еуропа чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды. Ендігі қарсыламыз – бұл жарыстың фавориті әрі қазіргі Еуропа чемпионы – Италия құрамасы.

«Скуадра Аддзура» Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде алдымен Әзірбайжанды 3:0 есебімен, кейін Чехияны 7:0 есебімен тас-талқан етті. Керемет көрсеткіш. Бұл Италиялықтардың қазір бабында екенін аңғартады. Роберто Менникеллидің командасы биыл да Еуропа чемпионатын жеңуге мүдделі. Осыдан екі жыл бұрын Италия финалда Ресей құрамасын 3:1 есебімен ұтып, Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

Ал енді ертеңгі ойын жайлы айтатын болсақ, Қазақстан құрамасының мүмкіндігі көңіл қуантарлық емес. Италияның ойыншылары бұрыннан бері бір-бірімен ойнап келеді әрі тактикалық тұрғыда дайындықтары өте жоғары. Бұған қоса, 5х4 тактикасына қарсы ойынға жақсы бейімделген. Екі жыл бұрын Антверпендегі өткен ЕУРО-дан қазіргі құрамасында он екі ойыншы бар, бұл тізімге тағы Маурисио Канал мен Алессандро Патиасты қосыңыз. Италия құрамасы көбінде бразилиялық ойыншылардан жасақталған. Жалпы, Италия құрамасы - өте тәжірибелі ұжым. Араларында УЕФА кубогының иегерлері мен әлемдік жарыстарда топ жарған ойыншылар көп. Қазақстан құрамасы үшін қосымша фактор, біз Италиядан қарағанда бір күнге көп демалдық. Яғни, ертеңгі ойында Италия құрамасы біраз шаршаңқы болуы мүмкін. Соған қарамастан, Италия – фаворит. Ал біз Какау бастаған жігіттерден тек сенсация күтеміз!

Италия құрамасының ең басты жұлдыздары –Стефано Маммарелла мен Асис Саад. Біріншісі, Италия чемпионатында өнер көрсетеді, 2011-ші жылы УЕФА кубогының иегері атанған. Ал 2012-ші жылы Әлемнің ең үздік қақпашысы атағына ие болған. Асис Саад болса испаниялық «Барселонаның» намысын қорғайды. Екі дүркін – УЕФА кубогының иегері. Бұл тәжірибелі ойыншы алматылық «Қайратты» жақсы таниды. Себебі, алматылық команда екі рет каталондық клубты жарыс жолынан шығарған болатын. Енді ертең де, Ұлттық құрамамыз әлемді таң қалдырып, Италияны жарыс жолынан шығарады деп үміттенеміз.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы ақпанның 9-нан 10-на қараған түні Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Еуропа чемпионы Италиямен кездеседі. Матчтың басталу уақыты – 02:00. Кездесуді «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или