Еламан Оспанғали Словакия чемпионатында дебют жасауы мүмкін
Қазақстандық футболшы Еламан Оспанғали Legalbet.kz-ке берген сұхбатында жақын арада еуропалық клубына қосылатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен оралдым. Будапешттен Кошицеге бара жатырмын. Барлығы жақсы. Жақын арада команда сапында ойнаймын деп үміттенемін», – деді ойыншы.
21 жастағы Еламан Оспанғали – Үржардың тумасы, өскемендік «Алтай» футбол академиясының түлегі. Кәсіпқой мансабын осы клубта бастап, Қазақстан чемпионатының Екінші және Бірінші лигаларында (2024 жылы 4 матч) өнер көрсетті. 2024 жылдың қыркүйегінде «Тобыл» клубына ауысып, 2025 жылы Қазақстан Премьер-лигасында 1 матчқа қатысты.
Ал былтыр көктемде испаниялық «Мальорка» клубында қаралымда болды.
2026 жылы ақпанда Кошиценің (Словакия) «Славия» Кошице клубымен келісімшартқа қол қойған.
Еуропа чемпионатында 7 гол соққан футболшы «Қайраттан» кетеді