Сәтпаев тек өз жұмысына көңіл бөлетінін жеткізді
Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев өзіне артылған үлкен үміт пен қысымға қалай төтеп беретінін айтып, болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сәтпаевтың айтуынша, ол әлеуметтік желілер мен жанкүйерлердің күтулеріне аса мән бермей, тек өз жұмысына көңіл бөледі. Жас футболшы қазіргі қысымды қатты сезінбейтінін, бірақ алдағы уақытта жауапкершілік арта түсетінін түсінетінін жеткізді.
Айта кетелік, талантты шабуылшы 2025 жылы лондондық Челси клубының ойыншысы атанып, кәмелет жасына дейін «Қайратта» жалға ойнауда. Ол бұған дейін Қазақстан құрамасында ең жас дебютант әрі гол авторы атанып, УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққан ойыншылардың бірі ретінде де танылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или