Жартылай финал тарихындағы ең нәтижелі матч өтті

Жартылай финал тарихындағы ең нәтижелі матч өтті

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы матчта ПСЖ мен «Бавария» кездесіп, нәтижелі ойын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Париждік клуб тартысқа толы матчта 5:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесу турнир тарихындағы жартылай финалдағы ең нәтижелі ойын болды.

ПСЖ үшін бұл жеңіс ерекше мәнге ие. Команда соңғы бес жылда алғаш рет «Баварияны» ұтып отыр — бұған дейін олар 2021 жылдың сәуірінен бері неміс клубын жеңе алмаған еді.

Матчта голдарды Кейн (пенальти), Кварацхелия (дубль), Невеш, Дембеле (екі рет, оның бірі пенальти), Олисе, Юпамекано және Диас соқты.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или