«Ордабасы» Бонгонда трансферінен бас тартты
«Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбай Тео Бонгонда трансферіне қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, «Спартактың» жартылай қорғаушысы клубтың трансферлік жоспарынан алынып тасталған.
Бұған дейін шымкенттік клуб ойыншыға қызығушылық танытқаны рас. Дегенмен қысқы трансферлік кезеңде бірнеше ойыншы алған «Ордабасы» жазда тек нақты позицияларды күшейтуге көңіл бөлмек.
Айта кетелік, клуб басшысы Бонгондаға қатысты мәселе толық жабылғанын атап өтті. Оның сөзінше, жазғы трансферлік кезеңде бұл ойыншы командаға қосылмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или