Жағажай Азиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы 1/4 финалға өтті
Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ұлттық құрама ширек финал жолдамасы сарапқа салынатын матчта Шри-Ланкамен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз 21:9 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы келесі ойынын бүгін, 28 сәуірде Филиппинге қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 15:00-де басталады.
Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или