Бір матчта 20 гол! «Ақтөбе» елді шулатты
Қазақстан әйелдер чемпионатының алғашқы турында «Ақтөбе» құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті. Ақтөбелік футболшылар сырт алаңда «Оқжетпес» клубын 20:0 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесудің басты қаһарманы Морган Томас Рид болд. Ол бір матчта 9 гол соқты. Ал Алина Литвиненко 5 рет дәл тепті. Сонымен қатар Аида Гайстенова, Екатерина Морозова, Аяка Камимура және Анастасия Власова да өз үлестерін қосты.
Тағы бір гол автогол ретінде тіркелді. Онв Гүлназ Сайлаубекова өз қақпасына соқты.
Айта кетелік, «Ақтөбе» Қазақстанның қазіргі чемпионы. Келесі ойынын команда 5 мамыр күні өз алаңында «Астанаға» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или