Мадрид турнирі: Рыбакина - Цинвэнь матчының тікелей трансляциясы

Мадрид турнирі: Рыбакина - Цинвэнь матчының тікелей трансляциясы

26 сәуір күні Испанияның Мадридтегі турнирдің үшінші айналымында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-ші орында) қытайлық теннисші Чжэн Цинвэньмен (36-шы орында) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина-Цинвэнь матчының тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина бірінші айналымды румыниялық теннисші Елена-Габриэла Русені (71-ші орында) 4-6, 6-3, 7-5 есебімен жеңді, ал Чжэн Цинвэнь американдық теннисші София Кенинді (68-ші орында) 1-6, 6-3, 6-3 есебімен ұтты.

Биыл Мадрид турнирінің жүлде қоры 8 235 540 еуроны құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 1 007 165 еуро және 1000 рейтингтік ұпай жинайды.


Бублик Мадридте грекиялық теннисшіге есе жіберді

Шымкенттегі турнирдің жеңімпаздары анықталды

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или