УЕФА даму кубогы: Қазақстан U-16 құрамасы Пәкістан U-16 құрамасын жеңді
Шымкент қаласында өтіп жатқан УЕФА даму кубогында Қазақстан U-16 құрамасы Пәкістан U-16 құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның алғашқы минуттарынан Қазақстан U-16 құрамасы басымдыққа ие болды. Ойынның 7-ші минутында Платон Шипицин пенальтиден есеп ашты. Шабуыл мен қорғанысты қатар ұштастырған Қазақстан құрамасы бірінші таймда Пәкістан қақпасына тағы үш гол соғып, айқын басымдыққа қол жеткізді. Әнуар Төленді, Давид Заречный мен Данияр Қаси көзге түсті.
Екінші таймның 88-ші минутында Пәкістан құрамасының ойыншысы бір гол салып есепті қысқарты. Нәтижесінде кездесу 4:1 есебімен Қазақстан U-16 құрамасының пайдасына шешілді.
УЕФА даму кубогындағы екінші ойынын Русланжан Раимбакиевтің командасы 27 сәуір күні 15:30 да Әзербайжан құрамасына қарсы өткізеді.
Қазақстан U-16 – Пәкістан U-16 – 4:1 (4:0)
Голдар: Платон Шипицин 4 (п), Төленді 21, Заречный 30, Қаси 45 – Самад 88.