ҚПЛ: 7-турдың алғашқы екі ойынында жеңімпаз анықталмады

ҚПЛ: 7-турдың алғашқы екі ойынында жеңімпаз анықталмады

Қазақстан Премьер-лигасын жетінші турының алғашқы екі ойынында тең нәтиже тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турдың беташар ойыны Көкшетау қаласында «Оқжетпес» пен «Қайсар» арасында өтті. Қызылорадлық ұжым бірінші таймда Цуцкичтің голынан кейін есепті алға шыққанымен, ойынның соңғы минутында алаң иелері сапында Васильев мергендігімен көзге түсіп, есепті теңестірді. Осылайша, қос ұжым арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды.

Осы матчтан кейін «Оқжетпес» турнирлік кестеде төртінші орынға тұрақтады, ал «Қайсар» болса 13-орында келеді. Қызылордалық ұжым осы маусымда әлі жеңіске жетпеген командалардың бірі болып табылады.

Турдың екінші матчы «Алтай» мен «Жеңіс» арасында өтті. Алматыда өткен матчта командалар шабуылға қарағанда қорғаныс шебінде сауатты ойнауды жөн көрді және ойын соған сай голсыз аяқталды. Алаң иелері саналатын«Алтай» қақпаға бірнеше соққы жасағанымен гол соғу бақыты бұйырмады. Плотников өз қақпасына бағытталған төрт соққының төртеуінде қайтара алды.

Өскемендік ұжым да осы маусымда әлі жеңіске жетпеген командалардың бірі болып табылады. Масудов шәкірттерінде жеті турдан кейін төрт ұпай бар және турнир кестесінде 14-орында келеді. Ал астаналық ұжым болса бір жеңіс пен төрт тең нәтиженің арқасында 11-орынға жайғасқан.

ҚПЛ: 7-тур ойындарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: наурыз айының үздіктері белгілі болды

ҚПЛ клубтарының инвесторлары төрешілікке наразы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или