Шымкент турнирі: Қазақстандық теннисшілер ширек финалға өтті

Шымкент турнирі: Қазақстандық теннисшілер ширек финалға өтті

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында челленджер турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Шымкент турнирінің ширек финалына өтті. Қазақстандық теннисші молдовалық Раду Алботпен бірге алғашқы айналымда жарыстың 1-ракеткалары, белоруссиялықтар Сергей Бетов — Даниил Остапенков жұбын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Ал жекелей сында әлемнің 198-ракеткасы Тимофей Скатов екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 526-орындағы ресейлік Святослав Гулинмен бетпе-бет келді. Екі сағат 22 минутқа созылған тартысты бәсекеде жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші 6:2, 3:6, 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Енді Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 675-орындағы Беларусь өкілі Даниил Остапенковпен таласады.

Тимофей Скатов Шымкентте украиналық теннисшіні жеңді

Қазақстандық теннисші Кванджу турнирінің екінші айналымына жолдама алды

Бублик пен Шевченко Мадрид мастерс турнирінде бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или