Абзал Бейсебеков «Астана» сапындағы мерейтойлы матчын өткізді

Абзал Бейсебеков  «Астана» сапындағы мерейтойлы матчын өткізді

Қазақстандық футболшы Абзал Бейсебеков «Астана» сапындағы мерейтойлы 450-ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Абзал Бейсебеков 2009 жылы 6 сәуірде «Атырауға» қарсы ойында елордалық клуб үшін премьер-лигада дебют жасады. 33-жастағы ойыншы «Астанамен» ел біріншілігін 7 рет және Қазақстан кубогын 2 рет ұтқан. Сондай-ақ, бір реттен Суперкубок пен Қазақстан лигасының кубогын жеңді. Қазақстан чемпионаты мен клуб тарихында гол соққан ең жас ойыншы – 16 жас, 5 ай, 10 күн. 

Сондай-ақ, Абзал Бейсебеков қазақстан чемпионатында «Қайрат» (16 матч) және «Восток» (23 матч) сапында ойнады. 

Қазақстанның барлық жасөспірімдер және жастар құрамалары сапында доп тепкен. Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 2014 жылдық қазан айында Чехия құрамасына қарсы ойында дебют жасаған. Абзал осы уақытқа дейін еліміздің басты командасы сапында 28 ойын өткізген.

Ресми: «Тобыл» бас бапкерін қызметтен босатты

Қазақстан әйелдер құрамасы FIFA рейтингінде жоғарылады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или