«Ақтөбе» жаңа ойыншысын құрамға тіркей алмады

«Ақтөбе» жаңа ойыншысын құрамға тіркей алмады

Бразилиялық жартылай қорғаушы Жоау Гауденсио «Ақтөбе» сапында жазға дейін ойнай алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздердің ақпаратынаа сәйкес, клуб ойыншыны 3 сәуірге дейін тіркеп үлгермеген. Келісімшарт пен жалға алу құжаттары дұрыс рәсімделгенімен, футболшыны уақытында өтінімге енгізу мүмкін болмады.

Клуб оны тіркеуге тырысқанымен, лига тарапынан шешім өзгермеді. Осылайша Гауденсио тек жазғы трансфер терезесінен кейін ғана команда сапында өнер көрсете алады.

Айта кетейік, 23 жастағы футболшы «Ақтөбе» клубына осы айдың ортасында қосылған болатын. Ол бұған дейін Бразилия мен Жапония чемпионаттарында ойнаған.

«Жеңіс» «Ақтөбені» минималды есеппен ұтты

УЕФА Қазақстандағы екі стадионға тексеріс жүргізеді

ҚПЛ: Алтыншы турға жиналған көрермен саны анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или