«Жеңіс» «Ақтөбені» минималды есеппен ұтты
ҚПЛ-дің алтыншы турында «Жеңіс» «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жалғыз гол 10-минутта соғылды. Айып алаңындағы бірнеше рикошеттен кейін Сағадат Тұрсынбай есеп ашты. Одан кейін ойын екі жақтың шабуылымен өтіп, қос команда да қауіпті сәттер жасады.
Алаң иелерінің қақпашысы Максим Плотников бірнеше рет команданы құтқарып қалды. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ.
Осы жеңістен кейін «Жеңіс» 6 ұпай жинады. Ал «Ақтөбенің» еншісінде 7 ұпай қалды. Екі команда да турнир кестесінің орта бөлігінде орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или