«Астана» шабуылшысы ҚПЛ тарихына өз есімін жазды
«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасов Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында «Елімайға» қарсы матчта нәтижелі ойнымен көзге түскен болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған матчта 38 жастағы футболшы ҚПЛ-дегі 97-голын соғып, турнир тарихындағы ең үздік тоғыз бомбардирдің қатарына қосылды.
Томасов Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын 2017 жылдың 9 қыркүйегінде «Атырау» қақпасына соққан. Сол кездесуде ол дубль авторы атанған еді. Қазіргі таңда оның еншісінде Премьер-лигадағы 213 матчма 97 гол бар.
ҚПЛ тарихындағы үздік бомбардирлер:
- Нұрбол Жұмасқалиев – 167
- Мұрат Тлешев – 148
- Олег Литвиненко – 147
- Нұркен Мазбаев – 142
- Андрей Мирошниченко – 115
- Ұлықбек Бакаев – 111
- Андрей Финонченко – 103
- Әлібек Бұлашев – 100
- Марин Томасов – 97
Осылайша, хорватиялық футболшы Қазақстан чемпионаты тарихында өз есімін үздіктер қатарына жазды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или