«Астана» шабуылшысы ҚПЛ тарихына өз есімін жазды

«Астана» шабуылшысы ҚПЛ тарихына өз есімін жазды

«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасов Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында «Елімайға» қарсы матчта нәтижелі ойнымен көзге түскен болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған матчта 38 жастағы футболшы ҚПЛ-дегі 97-голын соғып, турнир тарихындағы ең үздік тоғыз бомбардирдің қатарына қосылды.

Томасов Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын 2017 жылдың 9 қыркүйегінде «Атырау» қақпасына соққан. Сол кездесуде ол дубль авторы атанған еді. Қазіргі таңда оның еншісінде Премьер-лигадағы 213 матчма 97 гол бар.

ҚПЛ тарихындағы үздік бомбардирлер:

  1. Нұрбол Жұмасқалиев – 167
  2. Мұрат Тлешев – 148
  3. Олег Литвиненко – 147
  4. Нұркен Мазбаев – 142
  5. Андрей Мирошниченко – 115
  6. Ұлықбек Бакаев – 111
  7. Андрей Финонченко – 103
  8. Әлібек Бұлашев – 100
  9. Марин Томасов – 97


Осылайша, хорватиялық футболшы Қазақстан чемпионаты тарихында өз есімін үздіктер қатарына жазды.

«Ертіс» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

ҚПЛ: Алтыншы турға жиналған көрермен саны анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или