Даулетов Бельгияда чемпион атанды
Қазақстандық футболшы Шахмұрат Дәулетов «Генк» U-18 құрамымен Бельгия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жастар біріншілігінің матчында команда «Шарлеруамен» 3:3 есебімен тең ойнады. Осы нәтиже «Генкке» маусым аяқталуына екі тур қалғанда бірінші орынды қамтамасыз етті. Қазір командада 47 ұпай бар, ал ең жақын қарсыласы 10 ұпайға қалып отыр.
Келесі ойынын чемпион атанған команда 25 сәуір күні «Зюлте-Варегем» U-18-ге қарсы өткізеді.
16 жастағы Дәулетов оң қанатта ойнайды және команданың негізгі ойыншыларының бірі саналады. Осы маусымда ол 17 матчқа қатысып, 4 гол соқты. Оның ішінде «Вестерло», «Рода» және «Антверпенге» қарсы ойындарда мергендігімен көзге түсті.
Қазақстандық футболшы «Генк» жүйесіне 2025 жылдың шілдесінде қосылған. Сондай-ақ ол U-19 командасы сапында УЕФА Жастар лигасында дебют жасап, ХИК-ке қарсы матчта алаңға шыққан.
«Мұңайып отыруға уақыт жоқ»: «Каспий» қорғаушысы – «Қайратпен» болған ойын жайлы