«Қайрат» турнир кестесінің бірінші орнына қайта көтерілді

«Қайрат» турнир кестесінің бірінші орнына қайта көтерілді

Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» 2:0 есебімен жеңіп, қайтадан чемпионат көшбасшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің алғашқы бөлігінде алаң иелері есеп ашуға қанша тырысқанымен, қонақтардың қорғанысын бұза алмады. Тек 55-минутта Дастан Сәтпаевтың қатты соққысы Эдмилсонға тиіп, доп қақпаға енді.

Матчтың нүктесін 82-минутта Жоржиньо қойды. Ол алматылықтардың басымдығын еселеп, командасына сенімді жеңіс сыйлады. 

Айта кетелік, осы нәтижеден кейін «Қайрат» турнир кестесінің бірінші орнына қайта көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или