«Каспий» қорғаушысы «Қайратпен» болған ойынға пікір білдірді
Ақтаулық «Каспийдің» қорғаушысы Амандық Набиханов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-дың алтыншы турында алматылық «Қайратпен» болған сырт алаңдағы матчқа қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Өкінішке орай, жеңіліп қалдық. Бірақ басымызды төмен түсіріп, мұңайып отыратын уақыт жоқ – әрі қарай жұмыс істеп, жеңіске ұмтылуымыз керек. Маусым біз үшін ауыр басталды, алдағы уақытта бәрін түзеп, жағдайды жақсартамыз деп сенеміз.
Бүгін бізге жанкүйерлер керемет қолдау көрсетті. Осындай қолдау әрдайым болса екен дейміз. Алматыда жанкүйерлер бізді үнемі қолдайды, сол үшін оларға алғыс айтқым келеді», – деді клуб қорғаушысы.
Еске салайық, 18 сәуір күні ҚПЛ-дың алтыншы турында «Қайрат» «Каспийді» 2:0 есебімен жеңді.
Алматылықтар екінші таймда екі гол соқты: 55-минутта бразилиялық Эдмилсон есеп ашса, 82-минутта Жоржиньо матчтың нүктесін қойды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или