Қыздар құрамасы соңғы ойында жеңілді

Қыздар құрамасы соңғы ойында жеңілді

Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

I дивизионның В тобындағы топтық кезеңнің соңғы матчында қазақстандық хоккейшілер Ұлыбритания құрамасына 1:3 есебімен жол берді.

Матчта қарсылас алғашқы минуттардан бастап есеп ашып, кейін басымдығын арттырды. Қазақстан құрамасы тек үшінші кезеңде бір шайбамен жауап қайтарды. Гол авторы — Оразбаева, нәтижелі пастарды Шегай мен Тұрсынова берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді топтық кезеңде аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или