Рыбакина финалға шықты
Штутгартта өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Porsche Tennis Grand Prix турнирінде Елена Рыбакина финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің екінші ракеткасы жартылай финалда ресейлік Мирра Андрееваны екі сетте жеңді – 7:5, 6:1. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.
Осы нәтижеден кейін қазақстандық теннисші финалда әлемнің 12-ракеткасы Каролина Муховамен кездеседі.
Турнир 13–19 сәуір аралығында өтеді. Жүлде қоры 1 049 083 еуроны құрайды. Жеңімпаз 161 310 еуро, 500 рейтингтік ұпай және Porsche автокөлігіне ие болады. Айта кетейік, Елена Рыбакина бұл турнирді 2024 жылы жеңіп алған.
Рыбакина Штутгарттағы ауыр матчтан кейін ұйықтап қалпына келетінін айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или